Рейтинговые книги
Читем онлайн Төңкеріс. Пиесалар - Қайыркелдi Руспаев

Шрифт:

-
+

Интервал:

-
+

Закладка:

Сделать
1 ... 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22

Әкім. Бәсе! Бұл неге сонша орыстарға бауыры елжіреп тұр десем. Оларға деген малайлық қанына сіңіп кеткен ғой. Ал жаңағы маған қыр көрсеткен қатын кім?

Жұмағали. Жазира ма? Ол бұл жердікі емес. Кезінде казгудың журфакын бітірісімен жолдамамен келген. Біздің бір тентекке тұрмысқа шығып еді, ол тентегіміз қаңғып жүріп бір бомжды өлтірем деп сотталып кетті. «Оны ұстап берген өзінің әйелі» деседі жұрт. Яғни жаңағы Жазира. Бірақ сол сөздің, не шын, не өтірік екенін мен білмеймін – сотында болған жоқпын, сот облыс орталығында өткен.

Әкім. Өзі жеке меншік газетім бар дей ме?

Жұмағали. Иә. Бұл қатын бай, газеттен басқа да меншік сән салоны бар. Әкесі Алматыда дөкөй бастық болған деседі. Ал қазір бір банк ұстап отырған көрінеді.

Әкім. М-м… Жарайды… біз де осал емеспіз, арқамыздан демеп тұрған дөкөй банкир болмаса да баршылық… тәубә… (пауза) Әлгі жігіт… әгі… Қалкен бе еді?

Жұмағали. Иә, Қалкен.

Әкім. Соның қатыны бар ма?

Жұмағали. Бар. Мұғалім болып істейді. Және де бес пе, алты ма – әйтеуір бірсыпыра баласы бар.

Әкім. Ал жаңағы сұлу, Жазира… сонымен қандай қатынаста? Әлде жақындығы бар ма?

Жұмағали. Ешқандай жақындығы жоқ. Екеуі… қалай деп айтсам екен…

Әкім. Турасынан айтсей! (оң қолының алақанымен сол қолының жұдырығын уқалап) Мынадай жақындықта ма?

Жұмағали. Түсінбедім…

Әкім. Өй! «Ойнастары бар ма?» деймін!

Жұмағали. (мырс етіп күліп жібереді) Қайдан білейін, төсекте жатқан жерлерінде майшам ұстап тұрғам жоқ. Тек біреулердің «екеуі бір-бірімен тәуір» дегенін естігем.

Әкім. (екі қолының саусақтарын айқастырып орынбасарына жақындай түсіп) Иә, иә, айта бер…

Жұмағали. Бітті, бар білетінім осы-ақ.

Әкім. Шамалы екен. (шалқалай түсіп) Мен білсем, ал мен мұндайлардың талайын көргем, мен білсем, сол екеуі сау сиырдың боғы емес. Қай жерде байы жоқ қатын болса, әсіресе сол қатын сұлу болса, және де қалтасы толық болса – сол жерде ойнассыз болмайды. (Жұмағалиға жақындай түсіп) Енді жақсылап тыңдап ал – маған сол қатынды бірдеңе қылып қолға түсіріп алу керек.

Жұмағали. Ол қалай – сіз… сіз де Жазираны ұнатып қалдыңыз ба?

Әкім. (қарқ-қарқ күледі) Өй! Сен өзің қызық жігіт екенсің! Жо-жоқ, ештеңе айта алмаймын – қатын өте көрікті, дидары көз тойдырады. Бірақ маған оның өзі керек емес – … һм… жоқ, мүмкін керек те боп қалар. Тек дәл қазір маған оның ойнасының үстінен түсіп, қылмысын әшкерелеу керек. Маған ол қатынды ең жанды жерінен шап беріп ұстап алу керек. Сонсоң менің жетегіме көнбегенін көрейін. Өзің естідің ғой, не деп кеткенін? «Әкім болмақ түгіл кім болсаң да бағынбаймын» деген жоқ па. Өзің ойлашы – егер мен бір жаман қатынды бағындыра алмасам, қалай мен бүкіл ауданды бағындырмақпын? Сондықтан саған мынадай тапсырма беремін – сол екеуінің былығын анықтап, ойнастарының үстінен түсіп ұстап аласың.

Жұмағали. Сонда не – маған оларды аңду керек пе?

Әкім. Тү-ү! Ештеңе түсінбейсің бе? Сенің міндетің – соларды аңдып компромат жинайтын адамды тауып алу. Әлгі жеке детектив дегендер бар емес пе? Түсіндің бе енді?

Жұмағали. Түсіндім. Бірақ сол детективты қайдан алмақпын? Біздің ауданда ондайлар жоқ. Тек РОВД – ның оперлеріне тапсырма бермесек…

Әкім. Өй, қой оныңды! Астанаға бар да жалдап әкел. Қашан бара аласың о жаққа?

Жұмағали. Білмеймін…

Әкім. Саспа – сен онда әкімнің арнайы тапсырмасымен, әкімшіліктің жұмысымен барасың. Командировочный да төленеді. Детектив жалдауға ақшаны мен өзім беремін.

Жұмағали. Онда мен бүгін де аттануға дайынмын.

Әкім. Жақсы. Есіңде болсын – бұл іс жөнінде ешкімге тіс жарушы болма! Үйіңдегі замандасқа да айтушы болма, білдің бе! Сенің келіншегіңді айтам. Түсіндің бе?

Жұмағали. Түсіндім.

Әкім. Жақсы, бір істі тындырдық. Тағы не бар?

Жұмағали. Саудагерлер бар…

Әкім. Е-е, иә, иә! Олар жиналды ма екен? (селекторды басып хатшысынан) Шолпан, саудагерлер жиналды ма?

Шолпанның дауысы. Иә. Кіргізейін бе?

Әкім. Жібер, кірсін.

Кабинетке оншақты ер, әйел саудагерлер кіріп, сәлемдесіп орындықтарға жайғасады.

Әкім. Осы қаланың бүкіл саудагерлері толық жиналды ма?

Жұмағали. (көзімен жиналғандарды шолып өтіп) Иә, ірі саудагерлер тегіс осында. Ә! Смағұлов жоқ…

Саудагерлер дабдырласып бір-бірінен Смағұловтың қайда екенін сұрасып жатыр.

Әкім. (қаламмен столды тықылдатып) Тынышталыңдар! Бір кісіге бола соншама даурықпайық. Смағұловың ешқайда қашып кетпес. Сендерді жинап отырғанымыз – баға жөнінде әңгіме. Мен бүгін дүкендер мен базарды аралап шықтым. Сондағы тауарлар мен бұйымдардың бағасы маған ұнамады. Сондықтан сендерге талап қоямын… (алдындағы бірнеше парақ қағазды саудагерлер отырған столға сырғытып жіберіп) міне, мына тізімге назар аударыңдар.

Саудагерлер бір-бір парақтан таратып алып көз жүгіртіп жатыр.

Әкім. Бұл негізгі тауарлардың, азық-түлік пен жиі пайдалантын бұйымдардың тізімі, және олардың халыққа тиімді бағалары. Бүгіннен бастап әркім өз қарамағындағы сауда орнындағы тауарлардың бағасын осы тізімдегі бағаларға сәйкестендіруге тиісті.

Бір саудагер. Сонда бұл не – бұйрық па?!

Әкім. Қалай деп түсінсеңдер өз еріктерің. Тек бағаларың осы тізімдегі бағалардан аспаса болды.

Саудагерлер шуласып кетеді.

Әкім. (тағы да қаламмен столды тықылдатады) Тынышталыңдар! Бұл не?! Бұл сендерге базар емес. Қай жерде отырғандарыңды ұмыттыңдар ма?

2-ші саудагер. Мына шешіміңіз заңсыз! Әлде қазір нарық заманы екенін ұмыттыңыз ба?

Әкім. Қарағым, есіңде болсын – мен ешқашан, еш нәрсені ұмытпаймын. Және мен заңды да жақсы білемін. Мұны бұйрық деп қабылдағың келмесе, өтініш деп ұқ.

2-ші саудагер. Онда мен бұл өтінішіңізді орындай алмаймын.

Әкім. (иығын қиқаң еткізіп) Жақсы. Орындамасаң – орындама. Тек бұдан былай біз екеуміз дос бола алмаймыз. Ал дос болмағандар кім болады? Ә?

2-ші саудагер. Жоқ, мен сізбен қастасқым келмейді.

Әкім. (жымиып) Иә, мен де ондай ойдан аулақпын. Сонымен біз дос боламыз. Солай ма?

2-ші саудагер. Бірақ мен мына өтінішіңізді орындай алмаймын. Онсыз да менің дүкенімдегі бұйымдардың бағасы төмен. Енді қайда төмендетпекпін?

Әкім. Оны, ағайындар, өздерің біліңдер. Ол сендердің бастарыңның сақинасы. Ал маған өзімнің сақинам да жеткілікті.

Саудагерлер бастарын төмен түсіріп, бір-бірімен ақырын күбірлесіп отырып қалады.

Әкім. Ал, тағы кім менің ұсынысыммен келіспейді? (көзімен барлығын шолып өтеді, бірақ біреуі де қарсылық білдірейін деп басын көтермейді) Е! Бәрекелді! Сонымен – келістік қой. Онда мен сіздерді бөгемеймін.

Саудагерлер орындарынан тұрып есікке қарай беттейді.

Әкім. (қолына бір қағазды алып) Әй, біреуің мынаны әлгі Смағұловқа жеткізсін. Жаңағы менің өтінішімді де айтыңдар. Бір-екі күннен кейін мен тағы сауда орындарын тексеріп шығамын. Сосын менімен достасқысы келмегендермен оңаша сөйлесемін. Бірақ ондай ақымақ табылмайтын да шығар.

Саудагерлер шығып кетісімен әкім Жұмағалиға қарап көзін қысады.

Әкім. Бұлармен осылай сөйлеспесең болмайды. Және осы бастан олардың тиісті оындарын көрсету керек. Әйтпесе басқа мініп алады.

Жұмағали. Ол дұрыс қой. Бірақ… бірақ саудагерлердің крыша дегенін қайтеміз? Ертең солардың мықтыларының біреуі келіп біздің басымызды қатырмай ма?

Әкім. Ха! Ал менде ше? Қалай ойлайсың – менде крыша жоқ па?

Жұмағали. Білмеймін… бар шығар…

Әкім. «Бар шыға-ар!» Сырт жағымда бір мықты тұрмай мен бір ауданды басқарып нем бар дейсің? Ал және қалай деп ойлайсың? Кімнің крышасы мықты – менікі ме? Әлде жаңағы саудагерлердікі ме? Ә?

Жұмағали үндемей қалады.

Әкім. (қағаздарын ерсілі-қарсылы қозғап қойып селекторды басады) Шолпан! Тағы біреу бар ма?

1 ... 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22
На этой странице вы можете бесплатно читать книгу Төңкеріс. Пиесалар - Қайыркелдi Руспаев бесплатно.
Похожие на Төңкеріс. Пиесалар - Қайыркелдi Руспаев книги

Оставить комментарий